Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны күн сайын көбейіп жатыр
Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны күн сайын көбейіп жатыр
232
оқылды

Ресми мәлімет бойынша, 12 сәуірде коронавирустан 26 адам қайтыс болды.  Оларда ПТР-тест арқылы вирус табылды. Ал тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың анық белгілері бар пневмониядан 5 науқас көз жұмды.

Ал 14 сәуірдегі жағдай бойынша 35 821 адам короновирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 482 пациент стационарда, 23 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында: 579 адамның жағдайы ауыр; 162 пациенттің жағдайы өте ауыр; 117 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Жалпы, пандемия басталғалы бері Қазақстанда коронавирус жұқтырған 276 054 адам тіркелді. Олардың басым бөлігі жазылып шықты. 3 286 науқас қайтыс болды. Ал ковидтік пневмонияға 51 539 адам шалдығып, 736 пациент көз жұмды.