Қай банктен ең жоғары пайызбен онлайн депозит ашуға болады?
Қай банктен ең жоғары пайызбен онлайн депозит ашуға болады?
398
оқылды

2020 жылдың соңында мобильді және интернет-банкингті қолданушылар саны 28,7 млн-ға жетті. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,5 есе көп. 2018 жылдың басында бұл көрсеткіш 10 млн болған. Ranking.kz Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердегі онлайн депозиттердің сыйақы мөлшерін жазды.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер қызметтерін қашықтан ұсынып қоймай, көбіне онлайн қызметтерге клиенттерді ынталандыратын қосымша бонус қоса береді. Қазір елде 11 екінші деңгейлі банк депозитті онлайн ашуға мүмкіндік береді. Олардың шарты да әртүрлі. Кей банк икемді шарттармен және минималды мөлшерлемемен тек бір өнім ұсынса, кейбірі толықтыруға, қажет кезде ақшаны шығарып алуға мүмкіндік беріп, бірақ мөлшерлеме ұсынады, кейбірінде керісінше, толықтыруға, шығарып алуға жағдай жасамайды, оның пайыздық мөлшерлемесі жоғары болады. банк, депозит