Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 60 келіге дейінгі салмақтағы Грек-рим күресінің балуаны финалда ирандық Мехди Нижадпен кездесіп, 8:4 есебімен жеңіске жетті. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея, жартылай финалда Ирак балуанын жеңген болатын.
Бұл - Қазақстан командасының Азия біріншілігіндегі екінші алтыны. Кеше 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы чемпион атанды.