Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кесірінен жолаушы көз жұмды
Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кесірінен жолаушы көз жұмды
152
оқылды
Ақтөбе облысында мас жүргізуші жол апатын жасап, салдарынан жолаушы қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 12 сәуір күні таңертең Темір ауданының тұрғыны “Лада-Ларгус” автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Кеңқияқ кентінің жанындағы облыстық маңызы бар “Покровка-Жаңажол” автожолының 89 шақырымында рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы бойынша оң жақтағы ойыққа аударылып кеткен. ЖКО салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жолаушы алған жарақатынан келесі күні медициналық мекемеде қайтыс болды.
  – Апта сайын мас жүргізушілер мен басқа да жүргізушілерді анықтау бойынша түнгі рейдтер өткізіледі. Әдеттегідей, демалыс және мереке күндері патрульдік полиция күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.