Таразда 100 адамға арналған той тоқтатылды
Таразда 100 адамға арналған той тоқтатылды
144
оқылды
Тараздағы мейрамханалардың бірінде 100 адамға арналған той тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша “жасыл” аймақтан “сарыға” ауысты, бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын көрсетеді. Карантин режимі мен шектеу шаралары талаптарының сақталуын бақылау аясында Жамбыл облысының полицейлері мобильді топтармен бірлесіп, кезекті ұйымдастырылған көлемді іс-шара дерегін анықтады. Тараздағы мекемелердің бірінде рейд кезінде 100-ден астам адамның қатысуымен той өткізілді. Тойды ұйымдастырушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша хаттама жасалған. https://youtu.be/YlLhZfPvs8U
– Ауру-сырқаудың статистикасына қарамастан, адамдар өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Жыл басынан бері әртүрлі нысандарда карантиндік режимнің 430 бұзылу дерегі анықталды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша жалпы 41 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды және ойын-сауық мекемелері мен өзге де меншік нысандарының 346 иесі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады ведомстводан.