Сәкен Майғазиев вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты
Сәкен Майғазиев вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты
249
оқылды

Сәкен Майғазиев Шымкенттегі «Медикер» орталығында «Спутник V» екпесін салдырған. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Ешкім мәжбүрлеген жоқ, мен де ешкімді үгіттемеймін. Былтырғыдай өлім-жітім көбеймесе екен, ең болмаса, таралуына себепші болмасам екен деген ниет. Оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп шаршадық. Кеше жариялайын дедім де, бүгін қандай әсерде болғаныммен бөліспекке бел будым. Бір Аллаға шексіз шүкір, жағдайым жақсы. Таңғы төртте тұрсам, терлеп жатыр екем. Ешқандай ауыртпалық сезбедім», – деп жазды Сәкен Майғазиев.   [caption id="attachment_128448" align="aligncenter" width="622"] width= Фото: С.Майғазиевтің Instagram-дағы парақшасынан алынды[/caption]

Бұған дейін Қазақстан бойынша вакцина салдырғандардың жалпы саны туралы жазған болатынбыз.