Елордада жол белгілеріне сары түс қолданылды
Елордада жол белгілеріне сары түс қолданылды
159
оқылды
Елордада жол белгілеріне сары түс қолданылды. Бұл ауа райы нашарлаған кезде жүргізушілердің зейінін арттыру үшін қажет, – деп хабарлайды  ПД баспасөз қызметі.
"Астана аумағында пилот жоба аясында Мәңгілік Ел даңғылы бойында Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін сары түсті тұтас қос жолақты қолдану бойынша тәжірибе түрінде жұмыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл таңбаны Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында қолдану жоспарланып отыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полицейлер нормативтік актілердің талаптарында көрсетілген белгіні сары түспен қолдану мүмкіндігі жоққа шығарылмайтынын атап өтті.