Қазгидромет 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы туралы ақпарат жариялады.
Циклон шұңқыры солтүстік-шығысқа қарай ығысады. Осыған байланысты солтүстіктегі кейбір өңірлерде жауын-шашын, шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста кей жерлерде найзағай болуы мүмкін. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында температура төмендейді. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстік жартысында көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, түнде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы түнде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің басым бөлігі 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болуы ықтимал.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.