Елорданың Есіл ауданында қураған шөп өртенді.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21:19-да астаналық өрт сөндірушілер Есіл ауданындағы 128-көшеде шыққан өртті сөндіруге аттанған. Ол жерде қураған шөп жанған.
«Жеке құрамнан 30 адам 6 техникамен тілсіз жаудың бетін қайтаруға күш салды. Сондай-ақ оқиға орнына әкімдіктен 4 су шашқыш машина жіберілді», – деп хабарлады ведомстводан.
Өртті сөндіруге жел айтарлықтай кедергі келтірген. Қазір өрт сөндірілді. Жапа шеккендер жоқ.