Бес ай бұрын суға кеткен балықшының мәйіті табылды
Бес ай бұрын суға кеткен балықшының мәйіті табылды
149
оқылды

Бүгін Тұғыл ауылының тұрғындары Зайсан көлінен бес ай бұрын суға кеткен 1990 жылғы балықшының мәйітін тапты, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өткен жылдың 20 қарашасында балық аулауға кеткен екі балықшы із-түзсіз жоғалып кетті. Құтқарушылар оларды 26 күн іздеген. Алайда, балықшыларды таба алмады 16 сәуірден бастап іздеу жұмысы қайта басталды. Нәтижесінде, сол күні оқиға орнынан 30 шақырым жерде 1981 жылғы екінші балықшының мәйіті табылды.