Оралда ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірген. Оқиға бүгін Орда көшесінде болды, деп хабаралайды inform.kz.
«1991 жылғы ер адам әйелін пышақтаған. Күдікті шамамен сағат 17.00-де Абай даңғылы бойындағы жабық мұз айдыны сарайы тұсында ұсталды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Қосымша ақпарат кейін берілетін болады», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Б.Белгібеков.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Орда көшесі, 1/1 мекенжайына жедел жәрдем сағат 16.46-да шақырылған.
Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенше, зардап шеккен әйелді ауруханаға алып кеткен. Полиция қызметкерлері 30 жастағы әйелді қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген.
Бірнеше мәрте пышақ сұғылған ол ауруханада көз жұмды.