Бұдан былай вакцина салдыру міндеттеле ме?
Бұдан былай вакцина салдыру міндеттеле ме?
341
оқылды

Мұны Шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Позилов айтты, – деп хабарлайды AstanaTV.

Бұл Үкіметтің 12 сәуірде жариялаған №173 қаулысында да көрсетілген. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін «екпе тек ерікті түрде салынады» деген болатын.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов: «Күні кеше ғана вакцинаны егер білетін болсаңыздар бұл ерікті түрде деп айтқан едік. Енді жаңадан қаулы шықты, вакцина салдыру енді міндеттелді. Ол басқа да вакцина сияқты адамға міндетті түрде салынуы қажет. Егер адам туған кезде БДСЖ немесе басқа да туберкулез, полиомиелитке қарсы вакцина міндетті түрде салынады ғой. Бұл вакцина да енді міндетті түрде салынады», – деді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шынында да, коронавирус «міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулар тізбесіне» енгізілген. Бірақ вакцинаны салғызу, салғызбау әркімнің өз еркінде.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 77-бабы 1-тармағының 18-нші тармақшасына сәйкес кез келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация тек адамның келісімімен жүзеге асады. Бас тарту да өз еркінде. Осы негізде Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ» делінген министрліктің ресми хабарламасында.