26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстері қысқарады
26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстері қысқарады
242
оқылды

Ведомствоаралық комиссияның 14 сәуірдегі хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқартады.  Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Бүгін Қазақстан мен Түркия арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс қатынайды: Нұр-Сұлтан – Стамбұл, 2 рейс Нұр-Сұлтан – Анталья, 1 рейс Алматы – Стамбұл, 7 рейс Алматы – Анталья, 5 рейс Түркістан – Стамбұл, 2 рейс Ақтау – Стамбұл, 1 рейс Шымкент – Стамбұл, 2 рейс. Екі ел арасындағы әуе рейстерін қысқарту немесе көбейту эпидемиологиялық ахуалға байланысты тағы да өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус қайта өршитінін айтқан еді.