Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты
214
оқылды
Қазақстан құрамасының төрт боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан командасынан жартылай финалда бес боксшыдан біреуі ғана жеңілді. Осылайша, құрамадан жалпы төрт боксшы жүлдеге ілігіп тұр.  2021 жылғы жастар чемпионатында финалға шыққан командалар:
  • бес боксшы - Ресей;
  • төрт боксшы - Қазақстан;
  • үш боксшыдан - Украина мен Өзбекстан;
  • бір боксшыдан - Куба, Польша, Армения, Жапония және Үндістан.
Финалға шыққан төрт боксшы: Сабыржан Аққалықов (64 келі) жартылай финалда үндістандық Анкит Нарвалды жеңді. Елнұр Сүйінбай (60 келі) колумбиялық Джон Элин Оробиодан басым түскен. Ерболат Сабыр (56 келі) Еуропа чемпионы ресейлік Алексей Шендриктен күш асырды, ал жеңіл салмақтағы Санжар Тәшкенбай үндістандық Бишвамитр Чонгтамды жеңген.