Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
99
оқылды
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байанысты ескерту жарияланды. Қазгидрометтің болжамынша, 23-24 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 23 сәуірде күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. 23 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 23-25 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 23-25 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 23-24 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 23-24 сәуірде кей жерлерде 3 градус үсік болуы мүмкін.