Хоккейден әлем чемпионаты өткізілмейді
Хоккейден әлем чемпионаты өткізілмейді
198
оқылды

Хоккейден әйелдер арасын­дағы әлем чемпионаты өткізіл­мейтін болды. Бұл туралы Ха­лық­аралық шайбалы хоккей фе­дерациясының баспасөз қыз­меті ресми түрде мәлімдеді.

Әлемдік турнир 6-17 мамыр ара­лы­ғында Канадада өтуі тиіс болатын. «Әйел­дер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бізге мұндай шешім қабылдау қиын болды», – дейді IIHF басшысы Рене Фазель. Әлем чемпионатын қабылдайтын Жаңа Шотландия провинциясы корона­вирус індетіне байланысты турнирді өткізуден бас тартқанын айта кеткен жөн. Былтыр өтуі тиіс турнир қатарынан екінші рет ұйымдастырылмай қалды. 2022 жылы да Олимпиада ойындарына байланысты әлем чемпионаты өт­кізіл­мейді.

М.ХАҚНАЗАР