2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін
2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін
258
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі бетпердеге қойылған шекті бағаны алып тастамақ. Үш мемлекеттік орган басшылары қол қойған бұйрық 2 мамырдан бастап өз күшіне енеді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бетперденің шекті бағасы нарықта жағдай тұрақталған соң алынып тасталатынын айтқан. Министрлер кабинеті де осыған сүйеніп, бағаны қадағалауды доғармақ. Қазір бетперденің бағасы тұрақты. Дәріханаларда бетперде тапшылығы сезілмейді. Былтыр төтенше жағдай кезінде 10 теңге тұратын бетперде бағасы 200 теңгеге бір-ақ жеткен. Тауарға шекті баға осы дүрбелеңнен соң енгізілген еді.