Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан қоржыны екінші алтынмен толықты
Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан қоржыны екінші алтынмен толықты
175
оқылды
Сабыржан Аққалықов Польшадағы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды деп хабарлайды Vesti.kz. 64 келідегі шешуші айқаста Сабыржан 2020 жылғы еуропа чемпионатының қола жүлдегері украиналық Бозборбой Матякубовты жеңді.  Қазақстандық боксшы үш раундта да қарсыласынан анық басым болды (5:0). Айта кетейік, құрама қоржынына бірінші алтынды 49 келіде Санжар Тәшкенбай салған болатын. Ал Ерболат Сабыр (56 келі) және Елнұр Сүйінбай (60 келі) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде иеленді.