Айқын Қоңыров: Жер мемлекеттің меншігінде қалуы тиіс
Айқын Қоңыров: Жер мемлекеттің меншігінде қалуы тиіс
334
оқылды

Қазақстан Халық партиясы ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке беру құқығына қарсы. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның бесінші отырысында Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров айтты.

«Біз халықтың жер ресурстарына деген дұрыс көзқарасын аңғардық. Қазақстан Халық партиясы мұны шынайы патриотизмнің белгісі деп біледі. Халықтың бұл әрекеті құрметке лайық. «Халық. Жер. Әділдік» — бұл Қазақстан Халық партиясының ұраны. Біз жер мәселесі әділ шешілуі керек деп санаймыз. Қазақстан Халық партиясы бұл ұстанымды 2006 жылдан бастап Мәжілісте анық байқатты. Біз осы позицияда тұрамыз. Маңызды мәселені шешуге көпшілікті бізді қолдауға шақырамыз. Жер мемлекеттің меншігі болып қалуы керек. Өкінішке орай, қазіргі таңда ауылдағы ағайындардың жер сатып алатын мүмкіндігі жоқ. Ал сатып алатындар мүлдем басқа саланың адамдары. Олар жерді қайта сатып немесе жалға беріп пайда табуды ойлайды», — деді ол мәселені талқылау барысында.
Сонымен қатар, депутат жерге жеке меншік ету оны тиімді пайдаланудың қажетті шарты еместігін атап өтті. Осы орайда дамыған елдердің тарихи тәжірибесіне тоқталды. ҒПК басшысы әлемдік тәжірибеде жер учаскелерінде шаруашылық жүргізу үшін фермерлерді көбірек тартатынын атап өтті. Отырысқа қатысушылардың бірі Мұхтар Тайжан да ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншік құқығына қарсылық білдірді. Оның айтуынша, Қазақстанда мұндай тәжірибе ешқашан болған емес — "мың гектар жер бір қолда". Сонымен қатар, белсенді халық алдындағы жауапкершіліктен басқа, ата-бабалар алдындағы жауапкершілік те бар деп санайды.