Қазақстандық төрт боксшы Санкт-Петербургте бокстан халықаралық турнирдің финалына шықты
Қазақстандық төрт боксшы Санкт-Петербургте бокстан халықаралық турнирдің финалына шықты
183
оқылды
Бокстан Қазақстан құрамасы Ресейде өтіп жатқан халықаралық турнирде үш қола иеленді деп хабарлайды Vesti.kz. Жартылай финалда Даниял Сәбит, Бекнұр Ожанов, Айбек Оралбай қарсыластарына есе жіберіп, қола жүлдеге ілінді. Ал финалға төрт қазақстандық боксшы шықты. Махмуд Сабырхан 52 келіде ресейлік Василий Егоровтан басым болды. Асланбек Шымбергенов 69 келіде ескі қарсыласы, өзбекстандық Азия чемпионы Бобо-Усмон Батуровтан есесін қайтарды. Әбілхан Аманқұл 75 келіде ресейлік Андрей Ковальчукті жеңді. 81 келіде Бекзат Нұрдәулетов те ресейлік боксшы Андрей Косенковтан басым түсті.