Алматыда оқ атқан ер адам Ресей азаматы болып шықты
Алматыда оқ атқан ер адам Ресей азаматы болып шықты
5,249
оқылды

Алматы қаласының полициясы «Бұқар Жырау Тауэрс» ТК-де атыс ұйымдастырған ер адамның азаматтығына қатысты мәліметті жария етті, деп хабарлайды zakon.kz.

ПД өкілі Рустам Абдрахмановтың мәліметінше, күзетшіге оқ атқан ер адам Ресей елінің азаматы.
«Күдікті РФ азаматының оқ пен қаруды қайдан алғаны тергеу барысында анықталатын болады», — деді полиция қызметкерлері.
Сондай-ақ, мессенджерлерде мергенге қатысты деректер жарияланды. Бірінде РФ азаматының есімі Р.А. Исаев екені, 1968 жылы дүниеге келгені жазылған. Ер адамның есепте тұрғаны белгілі болды. Еске салсақ, 24 сәуір күні белгісіз ер адам «Бұқар Жырау Тауэрс» ТК күзетшісіне оқ атты. Артынша ол өз үйінде жасырынды. Полиция онымен келіссөз жүргізді. Сондай-ақ, көршілері мергеннің қандай азамат екенін айтып берді.