Ішімдіктен бас тарту денсаулық үшін қауіпті — дәрігер
Ішімдіктен бас тарту денсаулық үшін қауіпті — дәрігер
393
оқылды

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников алкогольден түбегейлі бас тарту денсаулыққа зиян болуы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, ішімдікті аз мөлшерде ішуді тоқтатқан адам жүрек талмасына шалдығуы мүмкін.
«Жүрек талмасына шалдықтыратын басқа қауіпті факторлар туралы білесіз бе? Ішімдікті аз мөлшерде ішуді тоқтату», — деді Мясников «Россия 1» телеарнасына берген сұхбатында.
Ал аз мөлшер деп отырғаны — 19 грамм таза алкоголь, 300 грамм сыра, 150 грамм шарап немесе 40 грамм күшті алкоголь. Сондай-ақ, Мясников тағы бір әсер ететін фактор адам жасы екенін айтты. Дәрігердің пікірінше, әйел адамдар 50 жастан кейін, ал ер адамдар 45 жастан кейін жүрек талмасына шалдығуға бейім. Бұдан өзге, дәрігер өлімге әкеліп соғатын аурудың алғышарты ретінде шылым шегу, ағзада қант мөлшерінің көбеюі — диабет, артериялық гипертензия, физикалық белсенділіктің болмауы және семіздікті атады.