Мексикалық экс-чемпион Головкинмен жұдырықтасу басты мақсаты екенін айтты
Мексикалық экс-чемпион Головкинмен жұдырықтасу басты мақсаты екенін айтты
205
оқылды
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу басты мақсаты екенін айтты. Тараптар мамырда кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізген, алайда одан нәтиже шықпаған.
"Бізде жұдырықтасуға сан мүмкіндік болды. Бірақ орайы болмады, не себеп - білмеймін. Әйтсе де ол дайын еді деп ойлаймын. Бұл айқасқа қызығушылығым үлкен, мені ең мықтылардың бірі мойындау үшін онымен жұдырықтасқым келеді. Жыл соңына дейін немесе келесі жыл басында Головкинмен жекпе-жек өткіземіз деп үміттемін. Әлем чемпионы атағына жақын қалдық. WBC рейтингінде бірінші тұрмын. Кез келген чемпионмен айқасуға дайынмын. Биыл осыған қол жеткіземіз деп үміттенемін. Олай болмаса, күте тұрамыз", – деп береді Мунгияның сөзін DAZN.