Жазда тұрғын үй құны арзандай ма? Сарапшылар жауап берді
Жазда тұрғын үй құны арзандай ма? Сарапшылар жауап берді
308
оқылды

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, наурызда Қазақстанның барлық ірі қаласында пәтерлердің бағасы өсті. Тек Атырауда, Семейде және Ақтауда баға тұрақты болған.

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл наурызда Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің (көппәтерлі үйдегі пәтер) бір шаршы метрінің орташа құны 324,5 мың теңгеге жетті, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда - 8,4-ға артты. Ең қымбат пәтерлер мегаполистерде — Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте. Ал Қазақстанда ең арзан үйді Тараздан алуға болады. Риэлтор Гүлзат Сауытованың айтуынша, әдетте көктем, жаз кезінде, әсіресе, жаңа пәтерлердің құны қымбаттамаса, арзандамайды. "Себебі осы кезеңде тұрғын үйге сұраныс ерекше артады. Жазда бағаның түсуі сирек кездеседі. Бірақ қыс кезінде көбіне қайталама нарықтағы үйлердің құны арзандауы мүмкін және сатылып жатқан пәтерлерге жеңілдік те жасалып жатады. Себебі бұл кезде тұрғын үйлерге сұраныс азаяды", - дейді риэлтор. Ал Хабар 24-тің хабарлауынша, Қазақстан риэлторлар қауымдастығының сарапшылары жазда жылжымайтын мүлік нарығындағы баға төмендейтінін болжаған. "Осы жазда пәтерлер 10%-ға арзандауы мүмкін. Себебі зейнетақы төлемдерін пайдалану арқылы жасалған мәмілелердің төмендеуінен сатушылар арасындағы алыпсатарлық азаяды. Қазақстандықтар негізінен зейнетақы төлемдерін қолданыстағы ипотеканы өтеу үшін пайдаланады", - дейді сарапшылар. тұрғын үй, пәтер, баға тұрғын үй, баға