Алаш қайраткерлері "Қазақ" газетінде жер туралы қандай мәселе көтерді?
Алаш қайраткерлері "Қазақ" газетінде жер туралы қандай мәселе көтерді?
1,067
оқылды

Қазақта «жер дауы мен жесір дауы бітпейді» деуші еді. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл болса да, әлі күнге дейін жерге қатысты шешілмей келе жатқан мәселе көп. Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жер заңнамаларын жетілдіру мақсатында құрылған жер реформасы жөніндегі комиссия ауылшаруашылық жерлерін сатуға қатысты мәселені шеше алмай, мораторий мерзімін тағы да 5 жылға ұзартты. Комиссияның шешімі бойынша, зерттелетін мәселе көп.

Мұндай жер мәселесі бір ғасыр бұрын да болған. Оны сол кезеңдегі баспасөз беттерінен білуге болады. Aikyn.kz 1913 жылы жарық көрген "Қазақ" газетінде жерге қатысты қандай мәселелер көтерілгенін және Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы және басқа да Алаш қайраткерлерінің жер туралы ойын білді.

Байқауымызша, "Қазақ" газетінде ең көп жазылған тақырыптардың бірі - жер мәселесі. Ондағы ақпарат бойынша, сол кезеңде, яғни 1913 жылы Жер министрлігі отырықшы болатын қазақтарға барлығы 400 мың десятина жер бөлініп берілетінін хабарлаған. Оның 180 мың десятинасы Торғай облысынан, 90 мың десятинасы Ақмола облысынан, 60 мың десятинасы Семей облысынан, 50 мыңын Жетісу облысынан  және 20 мыңын Сырдария облысынан берілетіні жазылған. Бұл жерден қазақпен қатар мұжықтарға да кесіп берілген. "Қыр баласы" бүркеншік атымен Әлихан Бөкейханов "Үшінші дума һәм қазақ" атты мақала жазған. Онда думаға қазақ халқының атынан ешбір депутат сайланбағанын және өзге ұлттан сайланған депутаттардың қазақтың мәселесін қалай көтергенін жазған. 1891 жылғы "Степное положение" заңында "Қазақтың пайдасынан артық жерді қазына өз керегіне алады" деген нормаға бірнеше депутат қарсы шыққан. Думада "Қазақтың қазған арығы, салулы жоңышқасы, алма-мейіз салған бақшасы бұл закон бойынша, қазына пайдасына алынбасын" деп мәселе көтерген депутат Дзюбинскийдің де, Түркістаннан жер алынбасын деген Кадет партиясының көсемі Минюковтың да, "қазақ жыртқан жер өзінде қалсын" деген Астрахан депутаты Виноградовтың да ұсынысы жерде қалып, бірнеше рет кейін қайтарылған. Әлихан Бөкейхановтың жазуынша, 1910 жылы бюджет прениясы болғанда қазаққа законнан тысқары зорлық қылуды әлі қойған жоқсыңдар, - деп депутат Дзюбинский сөйлеген. Оған үкімет "бес-алты қазақты қыстауынан көшіріп, елу-алпыс мұжыққа жер берсек "қазақ-қазақ" деп құлақтың мазасын алады, осы дума қазақтың думасы ма?", - деп жауап берген.
"Дума қазақ пайдасын тағы жесір қалдырып өте шықты. Бұдан кейін екі бюджет прениесі болғанда қазақ деп сөйлеген депутат жоқ. Бұларда не айып бар, тасқа шапқан пышақ не өндірер?", - деп жазған Әлихан Бөкейханов.
Алайда депутат Виноградов пен тағы бірнеше депутат бірігіп, Ускемен уезіндегі қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, қыстауынан көшірілгені туралы мәселе көтерген. Осы ұсыныстың дәлелі күшті болып, үшінші думада комиссия мақұлдаған.  "Дума заңы бойынша мұндай дума "жарайды" деген запросқа бір айда жауап беруші еді. Осы қазақ жері туралы 5 жылда қылған жалқы запрос 3 жыл сүр болып жатып, үшінші дума жоғалғанда, 1912 жылы бірге шіріді, үкімет жауап берген жоқ", деп жазылған мақалады.   [caption id="attachment_132530" align="aligncenter" width="898"]"Қазақ" газетінің сриншоты "Қазақ" газетінің сриншоты[/caption] [caption id="attachment_132533" align="aligncenter" width="867"]"Қазақ" газетінің сриншоты "Қазақ" газетінің сриншоты[/caption]  width= Ахмет Байтұрсынұлының "5 мың десятина жер" атты мақаласында Ресейдегі құрт ауруға қарсы қару егетін жамиғаттың Ырғыз уезіндегі жерден қымызхана ашуға қазақтардан рұқсат сұрағаны туралы жазылған. Олар бұл жерде үкіметтен сұрап алмақшы болған, бірақ ол жер қазақтардың пайдасында болған. Ол 5 мың десятина жерде 13 үйдің қыстауы болған. 
"Ол қазақтар жерін алғанға разы ма, жоқ па? Беймағлұм. Бұл жер мұжықтарға алынған сықылды зорлықпен алынып жатқан шығар. Қазақтың жерін басқалар талап алып жатыр деп біздің де талау жолымен алғанымыз лайықсыз. Басқалардан қазақтың жері жылдан-жылға тарылып жатқанда біз де бір жағынан жырмалап жер аламыз дегеніміз жарамайды деп жамиғаттың кей ағзалары қазақтың жерін алуды мақұл көрмеген. Жерді алу-алмасы талас болған соң қай жағының сөзі дұрыс екенін ашу үшін Мәскеуден Орынборға бір адам келген", - деп жазды Ахмет Байтұрсынұлы. 
Жамиғат мүшесі қатысқан жиынға Ахмет Байтұрсынұлының өзі де барған. Мәскеуден келген кісі жиында көпшіліктің пікірін тыңдап, ақыры қазақтардың пікірін білгісі келген. Оған "Қазақ" газеті көмектесетін болып, жерді алуға немесе алмауға қатысты қазақтардың пікірін жазып жіберуді сұраған. Мақалада Ахмет Байтұрсынұлы 5 мың десятина жерге қымызхана ашылса, қазақтар үшін қандай пайдасы немесе зияны келетінін жазған.   width= "Қазақ" газетінің редакциясының атынан "Жер мәселесі" деген мақалада қазақтың қажеті де, кемшілігі де жер мәселесі екенін жазған. Онда көпшілік жер деген сөзі жеңіл түсініп жүргенін және қазақ қала болмаса, бар жақсы жерінен айырылып қалатыны туралы ой тастаған. Қазақтың қала болуы турасында "Айқап" журналы да мәселе көтергенін жазған. 
"Біздің мақсатымыз - жер қақындағы ойымызды бастан-аяқ түгел баяндап жазбақ һәм жазылған сөзді бекітетін толымды дәлелдер көрсетпек. Біздің жер хақында жазуға асықпай жатқанымыз да сол, оқушыларымыздың есінде болсын", деп жазған газет редакция. 
 width= width= Сол кезеңде қазақтарды жерге қатысты алаңдатқан тағы бір мәселе - отырықшы нормамен жер алған дұрыс па, әлде көшпелі нормамен алған жөн бе? Мақалада қазақ қай нұсқаны таңдаса, ұтатынын көрсеткен. Ондағы ресми дерек бойынша, кейінгі кезде отырықшы норма бойынша жер алмақшы болған қазақтар көбейіп жатыр. Мұндай норманы көбіне қазақтың орысша, мұсылманша оқыған жастары қолдап жатқаны айтылған. Себебі қазақ отырықшы нормамен жер алып, қала салып отырса, қазақ арасына ғалым, өнер тез таралаушы еді. Ал, керісінше, отырықшы норманы қолдамайтындардың айтуынша, бұл - қазақ сол жерде күн көреді деп емес, қазақтың жерін көбірек алу үшін және қазақтың ырзалығын алдық деп көрсету үшін шығарылған норма. Депутаттар қазақ жерлері жолсыз алынып жатыр дегенде, переселен управлениесінің бастығы Глинко қазақ жерін орынды алып жатқанын түсіндіру үшін отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарғанын жасырмай, айтып берген.
"Біздің қазақ турасында істеп отырған ісіміз жолды. Біздің жолымыз (мақсатымыз) - екеу. Бірі - қазақтан артық жерді алу. Екіншісі - қазаққа тиесілі жерді беріп, орналастыру. Закон бойынша қазақтан артық жерді алып та жатырмыз, қазақтардың тілегі бойынша, жер беріп орналастырып та жатырмыз. Бұл - қазаққа істеп отырған жолсыздық емес, әдісіміз. Егер қазақтарды көшпелі қалпында жер беріп, орналастырсақ, қазаққа көп жер тиеді, бізге артылған жер аз болып қалады. Оны дума арқылы законмен бекітіп, қазаққа берген соң қайта ала алмай қаламыз. Яғни қазақтан көп жер артылып қалу үшін біз осындай әдісті қолданып отырмыз", - деген Глинко.
Отырықшы норманы не үшін шығарғанан түсіндіре келіп, автор бұл мәселеде қазақтарды ақылдасып шешуге, ынтымақпен істеуге, тереңінен ойлануға шақырады. Айта кетейік, мақалада автордың аты-жөні көрсетілмеген.  width=  width=