«Артылса ғана қарапайым халыққа таратылады» – Қытайдың вакцинасы Қазақстанда кімдерге салынады?
«Артылса ғана қарапайым халыққа таратылады» – Қытайдың вакцинасы Қазақстанда кімдерге салынады?
250
оқылды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялардың қызметкерлері коронавирусқа қарсы Hayat Vax (Vero Cell) вакцинасын салдыра алады.

Қытайлық вакцина Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. «Самұрық-Қазына» қоры қытайлық вакцинаның бір миллион дозасын сатып алды. Вакцинаны қытайлық Sinopharm компаниясы Vero Cell атауымен жасады. Біріккен Араб Әмірліктері соның негізінде Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) вакцинасын жасады.

«Sinopharm компаниясы жасаған вакцина «СҚ Фармация» хабтарына жеткізілгеннен кейін, алдымен холдинг контингентінің қажеттілігіне қарай қолданылады. Содан соң қалған вакцина халық арасында екпе алуға ниет білдірген адамдарға таратылады», – дейді министрлік өкілдері.

Қытайлық вакцина 30 сәуірге дейін 400 мың доза, ал мамыр айында 600 мың доза көлемінде жеткізіледі. Вакцинаны сақтау температурасы – +2-ден +8 градус. Оны араға 14 күн салып, екі рет салады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.