Британиялық чемпион Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты
Британиялық чемпион Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты
187
оқылды
Бес жыл бұрын орта салмақты дүркіретіп тұрған шағында Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) жекпе-жекке шықпай қойған 31 жастағы британиялық Крис Юбенк (29-2, 22 КО) болмай қалған айқас туралы қазір еске ала бастады.
"Мен оны жеңетініме толық сенімдімін. Менің "қозғалтқышыммен" және оның стилімен... Ол үнемі қолын сермей жөнеледі ғой. Ол соққы жасаудан менен асып түседі деп ойламайын. Тамаша жекпе-жек болар еді. Оны қалай болсын биыл жеңу керек. GGG-де титул бар, ал жанкүйерлер мұндай айқасты жылдар бойы сұрап келеді. Онымен жыл соңында Англияда жұдырықтасу бақыты болады. Менің жұдырықтасу стилім Гловкинді нокаутқа түсіруге керемет келіп тұр, бұған дейін мұны ешкім жасай алмаған", - деп береді Юбенктің сөзін vesti.kz.
Бес жыл бұрын Головкинмен жекпе-жек бойынша келіссөзді осы Юбенктің өзі үзген болатын. Қазір ол WBA-ның  "уақытша" чемпионы титулына ие.