Оралда ауруханадан шығып, жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның денесі табылды
Оралда ауруханадан шығып, жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның денесі табылды
159
оқылды
Оралда ауруханадан шығып, жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 27 сәуір күні сағат 12.13-те Деповская көшесінде белгісіз адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түскен.
«Оның 1 сәуір күні ауруханадан шығып, із-түзсіз кеткен 1955 жылғы ер адамның мүрдесі екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», – деп хабарлады ведомстводан.