Эпидемиологтар тұрғындарға үндеу жасады
Эпидемиологтар тұрғындарға үндеу жасады
276
оқылды
Мамыр айындағы мерекелер жақындап келеді. Осыған байланысты елорданың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарына қауіпті вирустың денсаулыққа қауіп төндіретінін кезекті рет ескертті, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақта тұрғанына бір жарым ай болды. Күн сайын қалада КВИ ауруының 600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елорданың барлық азаматтарын мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұрайды. Қауіпті вирус бәрінің денсаулығына қауіп төндіреді. Қонаққа, көршілерге, ірі отырыстарға бармауға, артық және маңызды емес сапарларға шықпауға кеңес береді.
 «Негізгі қауіп тобында әлі де созылмалы аурулары бар адамдар мен аға буын өкілдері тұр. Сондай-ақ балалар да жұқтыруы мүмкін. Пандемия кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін ұмытпаңыз. Біз өзімізді оқшаулағанда және вакцинация қабылдаған кезде ғана індетті жеңеміз. Сондықтан біз барлық ұсыныстарды орындауға және пандемиямен күресте жауапкершілік пен бірлікті көрсетуге шақырамыз», – делінген хабарламада.