Вакцина салдырған ел азаматтары шекарадан ПТР анықтамасыз кіре алады
Вакцина салдырған ел азаматтары шекарадан ПТР анықтамасыз кіре алады
225
оқылды
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Құжатта Қазақстанға шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты мынадай міндеттер жүктелген.
Ертіп жүретін адамдарда мерзімі 3 тәуліктен аспайтын, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялардың экипаждарын; ел аумағында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаты бар Қазақстан азаматтарын және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті екені жазылған.
Ал халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпауы керек.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келетін адамдарға оларды ертіп жүретін адамдарда мерзімі 3 тәуліктен аспайтын, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды; құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда ел аумағында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаты бар Қазақстан азаматтарын және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті", –  делінген қаулыда.
Жұмыс беруші жұмысы өндірістік объектіде болуды талап етпейтін, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырады.
Қызметкерлер вахтаға келгеннен кейін кәсіпорынның медицина қызметкерлері жұмыскерлердің жалпы жағдайына тексеру жүргізеді, теріс нәтижемен ПТР әдісімен CОVID-19-ды анықтауға зертханалық тексерудің немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы құжаттың болуын тексереді.
Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.
"Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен 0,5 мл. дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 мл. дозада II компонентпен; бұл ретте 45-ші күнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда вакцинацияны 90 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі", – делінген қаулыда.
Қаулы 2021 жылғы 3 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.