Мерекеде қайда саяхаттауға болады?
Мерекеде қайда саяхаттауға болады?
208
оқылды

Индустрия және ин­­фра­құрылымдық даму минис­трлігінің мәліметінше, биыл­ғы мамыр айында халық­ара­лық 40 бағыт бойынша 13 ел­ге рейстер бар. Жал­пы ал­ғанда, аптасына 117 рейс жасалады.

Сонымен, мамырдағы мере­келік күндері қазақстандықтар келесі елдерге ұша алады: біріншісі – Түркия: Нұр-Сұлтан–Стамбұл, Түркістан–Стамбұл, Алматы–Стамбұл, Алматы–Анталья, Шымкент–Стамбұл бағдарларында әуе көліктері жол тартады. Екінші ел – Біріккен Араб Әмірліктері. Оған жету үшін Нұр-Сұлтан–Дубай, Алматы–Дубай, Нұр-Сұлтан/Алматы/Атырау/Ақтөбе/Қарағанды/ Шымкент/Ақтау–Рас-эль-Хайм, Алматы–Шарджа бағыттарында биылғы 4 мамырдан бастап, Нұр-Сұлтан–Абу-Даби бағытында 16 мамырдан, Алматы–Абу-Даби бағытында 22 мамырдан бастап ұшақтар ұшады. Үшінші ашық ел – іргедегі Өзбекстан: Нұр-Сұлтан–Ташкент, Алматы–Ташкент, Ақтау–Үргенш бағыттары жолға қойылған. Тағы бір ел – солтүстік көршіміз: Нұр-Сұлтан–Мәскеу, Алматы–Мәскеу рейстері орындалуда. Қырғыз Республикасына – Алматы–Бішкек, Беларуське – Нұр-Сұлтан–Минск, Тәжікстан­ға – Алматы–Душанбе, Украина­ға – Нұр-Сұлтан–Киев, Алматы–Киев бағыттарында сапарлауға болады. Оңтүстік Кореяға – Алматы–Сеул, Германияға – Нұр-Сұлтан–Франкфурт, Орал–Франкфурт, Атырау–Франкфурт бағыттары іске қосылады. Танымал курорттық аймақтарға келсек, Мысырға – Нұр-Сұлтан– Шарм-әл-шейх, Алматы–Шарм-әл-шейх, Мальдив аралдарына – Алматы–Мале, Грузияға – Ал­маты–Тбилиси, сондай-ақ 4 ма­мырдан бастап Нұр-Сұлтан–Кутаиси, Ақтау–Кутаиси және Атырау–Кутаиси рейстері жүзеге асырылады. Рейстер санитарлық-эпи­де­миологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе ком­па­нияларының сайттарында жа­рия­ланған кестеге сәйкес орын­далмақ.  

Елдос СЕНБАЙ