Қызылордада баланың өліміне қатысты жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
Қызылордада баланың өліміне қатысты жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
220
оқылды

Қызылордада жалған ақпарат таратқан әйелге қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 сәуір күні мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қызылорда қаласында жоғалған баланың өлімі туралы халықты дүрліктіретін аудиожазба таралған болатын. Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері шындыққа сай келмейтін жалған ақпаратты аудиожазба арқылы таратқан азаматты анықтау жұмыстарын жүргізді. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызған азамат кінәсін толықтай мойындап отыр. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Баптың санкциясы бойынша үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарды тек ресми мәліметтерге ғана сүйеніп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарайтын қауесеттер мен жалған ой-пікірлерге құлақ аспауға шақырады.