Қазақстандық жас теннисші халықаралық турнирде топ жарды
Қазақстандық жас теннисші халықаралық турнирде топ жарды
142
оқылды
Қазақстандық Михаил Мищенко жұптық сында Черногорияның Улцень қаласында өткен екінші санаттағы Tennis Europe Junior Tour сериясындағы Bellevue Cup U12 турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстан Теннис федерациясы мәлім еткеніндей, аталмыш жарыста Қазақстан, Албания, Грекия, Черногория, Косово, Македония, Германия, Ресей, Болгария, Франция, Украина елдерінен 12 және одан кіші жастағы жасөспірімдер қатысты. «Қазақмыс» теннис клубының түлегі, Қазақстанның 12 жасқа дейінгілер арасындағы 2-ракеткасы М.Мищенко черногориялық Вук Крстаичпен бірге қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Михаил мен Вук сербиялықтар Филипп Джокич – Михайло Топичті тартысты матчта 2:6, 6:2, 10:8 есебімен ұтты. Қазақстандық-черногориялық жұп супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды.