Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды
234
оқылды

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы ITF сериясындағы W60 Charlottesville турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

Доданың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина аустралиялық Арина Родионовамен бірге жарыс барысында барлық кездесуінде де жеңіске жетті. Финалда қазақстандық-аустралиялық жұп жаңазеландиялық Эрин Рутлиф — индонезиялық Алдила Сутджиадимен бас жүлдені сарапқа салды. Анна Данилина мен Арина Родионова 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта қарсыластарын 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Бұл — қазақстандық теннисшінің жұптық сындағы биылғы екінші табысы.