2050 жылдары Африкада ауа температурасы 56 °C дейін көтеріледі
2050 жылдары Африкада ауа температурасы 56 °C дейін көтеріледі
234
оқылды

Ғасырдың екінші жартысында MENA елдеріндегі температура экстремалды көрсеткіштерге жетуі мүмкін. Аймақта жыл сайын ауа температурасы көтеріледі, - деп хабарлайды Phys.org сайты.

Мұндай ауа райы адамдар мен жануарлар үшін қауіпті. Тіпті ыстыққа төзімді — мысалы, түйелер үшін де. Қатты ыстықтың салдарынан биологиялық әралуандылық пен ауыл шаруашылығы саласына зиян келуі мүмкін. Сондай-ақ ультра экстремалды температура салдарынан 600 млн адам зиян шегеді — бұл осы аймақ халқының тең жартысы. Алдын ала болжам бойынша, олардың 90%-і сол уақытта қалада тұрады. Зерттеушілердің пікірінше, дәл қазір қауіп төніп тұрғанын ескере отырып жағдайды өзгертуге болады. Еске салсақ, мамырдың алғашқы күндері ауа райының қандай болатынын хабарлаған едік.