Алексей Цой Қазақстан өлім-жітім көрсеткіші бойынша 108-орында екенін айтты
Алексей Цой Қазақстан өлім-жітім көрсеткіші бойынша 108-орында екенін айтты
223
оқылды

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі ахуал туралы айтты.

Оның айтуынша, коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 107-орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 108-орында тұр.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр. «Сары» аймаққа Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облысы кірді. Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта тұр», – деді Алесей Цой.

Қазақстанда коронавирус 330 071 адамнан анықталған.