Қақтығыстан кейінгі қырғыз ауылының бүгінгі көрінісі
Қақтығыстан кейінгі қырғыз ауылының бүгінгі көрінісі
709
оқылды

Sputnik Қырғызстан қырғыз-тәжік шекарасындағы Мақсат ауылының қақтығысқа дейінгі және кейінгі көрінісін жариялады.

Ақпарат агенттігінің түсірілім тобы үш жыл бұрын, 2018 жылы мамырда ауылдың кеңейіп, үйлер мен жаңа мектеп, милиция пункті салынып жатқанын көрсеткен. [caption id="attachment_134588" align="aligncenter" width="1200"]мектеп, Мақсат аулы, қырғыз-тәжік Фото: Sputnik Қырғызстан видеосының скриншоты[/caption] [caption id="attachment_134589" align="aligncenter" width="1200"]мектеп, Мақсат аулы, қырғыз-тәжік Фото: Sputnik Қырғызстан видеосының скриншоты[/caption]

Бұл ауылдағы жалғыз мектеп болған.

[caption id="attachment_134592" align="aligncenter" width="1200"]милиция, Мақсат аулы, қырғыз-тәжік Фото: Sputnik Қырғызстан видеосының скриншоты[/caption] [caption id="attachment_134593" align="aligncenter" width="1200"]милиция, Мақсат аулы, қырғыз-тәжік Фото: Sputnik Қырғызстан видеосының скриншоты[/caption] [caption id="attachment_134594" align="aligncenter" width="1200"]емхана, Мақсат аулы, қырғыз-тәжік Фото: Sputnik Қырғызстан видеосының скриншоты[/caption] [caption id="attachment_134595" align="aligncenter" width="1200"]емхана, Мақсат аулы, қырғыз-тәжік Фото: Sputnik Қырғызстан видеосының скриншоты[/caption] Aikyn.kz бұған дейін шекарадағы қақтығыстың хоронологиясын жазған еді. Сонда 29 сәуір кешке Қырғызстан мен Тәжікстан тараптары атысты тоқтатып, әскери күштерді кейін қайтаруға келіскені жазылған. Алайда, 24.kg-дің хабарлауынша, сол күні түнде Лейлек ауданы Мақсат ауылының үйлеріне Тәжікстан азаматтары от қойған. Бұл туралы 24.kg-ге жергілікті тұрғын Бурул Құдайбердиева хабарлады. Оның айтуынша, ауылдан барлық тұрғындар эвакуацияланды, әскерилер де елдімекеннен кетті.

«Мақсаттағы әскери бөлім толығымен өртенді. Барлық тұрғындар қашып үлгерді. Бізге қарай оқ атты, үйлерді өртеп жатыр. Ауылда Тәжікстанның әскери және қарапайым азаматтары жүр. Сағат түнгі 01.00-ге дейін 16 үйді өртеді. Ауылда қырғыз әскері көп болған жоқ, олар ауылдан тыс жерде», — деді жергілікті тұрғындар.

Жергілікті биліктің айтуынша, Лейлек ауданының Мақсат және Очуу ауылдарын атқылау кенеттен басталған. Екі сағат бойы тоқтамай атылды. Шұғыл түрде 10 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Айта кетейік, қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс 28 сәуірде басталды. Қақтығыс тәжік тарапының Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы «Головный» су тарату пунктіндегі электр бағанына үш бейнебақылау камерасын орнатпақшы болғаннан кейін басталған. Бұған дейін де көршілес ауылдар арасында түсініспеушіліктер болған. 17 сәуірде «Баткенводоканал» қызметкерлері Баткен ауданының Көк-Таш ауылы аумағындағы «Гличная» су қабылдағышында тазалау жұмыстарын жүргізе бастағанда, оқиға орнына келген Ходжаи Ало ауылының (Тәжікстан) 50-ге жуық тұрғыны осы учаскедегі жұмыстардың бірлесіп жүргізілуін талап еткен. Тәжікстан азаматтары су арнасының жұмысшыларына тас лақтыра бастаған. Жергілікті шенеуніктер су қабылдағыштағы тазарту жұмысын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін Баткен және Исфарин аудандарының әкімдеріне келіссөздер жүргізу тапсырылды. 28 сәуірде тәжік тарапы «Головной» жанында электр бағаналарына бейнебақылау камераларын орнатқан. Оған қырғыз тарапы қарсы шығып, алып тастауын талап еткен. Бірақ Исфарин ауданының басшысы Баховидин Баходирзода бейнебақылау камераларын алудан бас тартқан. Содан кейін Көк-Таш пен Ходжай Ало ауылдарынан келген тұрғындар бір-біріне тас лақтыра бастады. Кейін аңшылық мылтықтан атылған оқтың дыбысы естілген. Басында әр тараптан 100-150-ге жуық адам жиналып, бір-біріне тас ата бастаған, кейін ол қарулы қақтығысқа ұласты. 29 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан әскери күштері күні бойы оқ жаудырды. Баткен облысының үш ауыл аймағында ТЖ режимі енгізілді. Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлері атысты тоқтату және әскери күштерді кейін қайтаруға келісті. Түнде, келісімдерге қарамастан, Лейлек ауданының шекаралас ауылдарында атыс жүргізіліп, қырғызстандықтардың үйлері өртенді. 30 сәуірде екі тараптың келіссөздері жалғасып, ауық-ауық ауылдарға оқ атылған. 1 мамырда таңертең Қырғызстан шекара қызметі шекарадағы жағдай тұрақты екенін хабарлады. Қырғызстанның ресми дерегі бойынша, шекарадағы қақтығыс кезінде 36 қырғызстандық қаза тапты (барлығы 183 адам зардап шеккен). Тәжікстанның ресми мәліметі бойынша, 16 тәжікстандық қаза тапты, 110-нан астам адам жарақат алды.