CMS Institute Экономика және қаржы зерттеулер департаментінің экономисі Николай Переславский ресейлік газетке берген сұхбатында құлдырау алдында туындаған екі валютаны атады.
Оның айтуынша, қазір коронавирус өршіп тұрған Түркия мен Үндістанның ұлттық валюталарына үлкен қауіп төніп тұр.
"Науқастардың одан әрі өсуіне байланысты бір доллар құны 8,6 түрік лирасына дейін жетуі мүмкін. Үндістанның рупийі наурыздың аяғынан сәуірдің соңына дейін долларға қатысты құнының 5 пайызынан астамын жоғалтты. Үнді валютасының одан әрі құлау қаупі жоғары болып қала береді. Өткен аптада әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың 46 пайызы және өлімнің 25 пайызы Үндістанда тіркелген. Статистика нашарлап жатыр", - деді экономист.
Экономист ең тұрақты валютаны да атады. Оның пікірінше, Австралия долларының құны тұрақты сақталады. Сонымен бірге халқының көп бөлігі вакцина алған мемлекеттердің валютасына да мән берген жөн. Олар: Канада мен Ұлыбритания.
Айта кетейік,Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдаған еді. Онда Қазақстанның Үндістанда COVID-19 індетінің өршуіне байланысты көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.