Жаркенттің әкімі дөрекі сөйлегені үшін қатаң сөгіс алды
Жаркенттің әкімі дөрекі сөйлегені үшін қатаң сөгіс алды
234
оқылды

Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасы журналисінің сұрағына және жүргізушілерге дөрекі жауап бергені үшін қатаң сөгіс алды.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Алматы облысындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тергеу жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы облысы әкімінің аппаратына хат жолдаған. "Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 5 мамырдағы жауабына сәйкес Панфилов ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №70-өкімімен Б.Ш. Омаровтың құқықбұзушылық әрекеті үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны анықталды", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, бұған дейін Жаркент әкімінің өңірдегі көлік жүргізушілерімен кездесуі желі қолданушыларының талқысына түскен еді. Видеода шенеунік жүргізушілердің бірімен дөрекі сөйлесіп жатқан. Сол кезде жиналғандардың бірі әкімнен неге қорқытып және "сен" деп сөйлесіп жатқанын сұрайды. Бұл оқиға 22 сәуірде болған. Желі қолданушылары шенеуніктің азаматтарға дөрекілік танытқанын жазды. Алайда Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы осы кезде шенеунік арандату құрбаны болды деп түсіндірді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от интернет-СМИ «kris_p_brothers» (@kris_p_brothers_official)

Кейін Болат Омаровтың 24.kz журналисіне сұхбат берген видеосы тарап кетті. Желі қолданушыларының пікірінше, онда да әкім тілшінің сағат туралы сұрағына ашуланып, дөрекілік танытқан.