Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 31 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 31 адам қайтыс болды
181
оқылды
Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан 31 адам қайтыс болды. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың 7 мамырдағы мәліметі бойынша, 42 436 адам коронавирус инфекциясынан (41 965 КВИ+ және 471 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың 14 551-і  - стационарда, 27 885-і амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр. КВИ+, КВИ- жұқтырғандардың арасында: • 782 адамның жағдайы ауыр, • 188 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 115 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр. 5 мамырдағы мәлімет бойынша, 101 жаңа жағдай тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 85 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бергі дерек бойынша, науқастар саны - 53 400, тіркелген өлім жағдайы - 829, барлығы 52 100 адам сауығып шықты. коронавирус