"Жедел жәрдем оны құтқаруға үлгерер еді" — вакцинадан көз жұмды деген алматылықтың туысы
"Жедел жәрдем оны құтқаруға үлгерер еді" — вакцинадан көз жұмды деген алматылықтың туысы
261
оқылды

Вакцинаның екінші компонентін салдырып келгеннен кейін көз жұмған алматылықтың туыстары дәрігерлердің жұмысына сын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Юлия Нұртазинаның айтуынша, туған ағасы Бақытжан Нұртазинде вакцинация кезеңінде қан қысымы жоғары болған. Ол мұндайда дәрігерлер вакцинаны неге еккенін түсінбей отыр.
"Сағат 14.43-те Бақытжан құлап түсті, анам бірден жедел жәрдемге қоңырау шала бастады. Бірақ ол да тез келмеді. Анам жиырма минут бойы оған жүрек массажын жасап, жедел жәрдемге қоңырау шалып отырды. Соңғы қоңырау 15:05-те болды, ал 15.21-де анам жылап маған қоңырау шалды, бригада өлімді тіркегенін айтты. Біз Жароков пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында тұрамыз, ал ең жақын жедел жәрдем станциясы үш көше ары орналасқан. Оқиға демалыс күні болды, жедел жәрдем оны құтқаруға үлгерер еді", — дейді марқұмның қарындасы.
Ол ағасы ешқашан жүрегім ауырады деп айтпағанын мәлімдеді. Енді Юлия дәрігерлерді немқұрайлылығы үшін айыптап отыр. Еске салсақ, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді. Ер адамның көз жұмғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралды.