Үндістанда қалыңдық көбейту кестесін білмеген сүйіктісіне тұрмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды lenta.ru басылымы.
Той 1 мамыр күні Уттар-Прадеште өтуі керек еді. Сүйіктісінің білімді екеніне күмән келтірген қыз одан 1-ден бастап 9-ға дейін сандарды екіге көбейтіп шығуды сұрайды. Жігіті мұны жасай алмаған соң, ол отбасын құрудан бас тартады.«Күйеу жігіттің отбасы оның білімсіз екенін жасырып келген. Ол тіпті мектепке бармаған болуы мүмкін», — деді қыздың немере ағасы.Сондай-ақ, қалыңдықтың туысы оның бұл әрекетін мақтан тұтқанын жасырмады. Екі отбасы осы шешімнен кейін үйлену той қарсаңында жасалған сыйлықтар мен зергерлік бұйымдарды бір-біріне қайтаруға келісті.