Синоптиктер Қазақстанның 10 облысы үшін дауылды ескерту жариялады. 11 мамырда найзағай, бұршақ, аяз болады деп күтілуде.
11 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 11-12 мамырда кей жерлерде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз 11 – тәулік бойы 12 мамырда кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.