Синоптиктер 6 облыс аумағында дауылды ескерту жариялады.
12 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 12 мамырда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қаласында 12 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
12 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Түнде кей жерлерде 2 градус үсік жүреді.
Павлодар облысында кей жерлерде 1 градус үсік болуы мүмкін, қүндіз солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с соғады.