«Жіп үзілген» – кәріз құдығынан екі жұмысшыны алып шықты
«Жіп үзілген» – кәріз құдығынан екі жұмысшыны алып шықты
267
оқылды

Полицейлер тереңдігі төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен екі тұрғынды аман алып қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Арыста полицейлерді көмекке шақырған әйелдің айтуынша, Ақынбеков көшесіндегі кәріз құдығын тазалауға түскен жұмысшылар шыға алмай қалған. Учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Жақсылық пен Асанхан Сыздықов 2-3 минутта оқиға орнына жетті. Полицейлер жұмысшыларды 4 метр тереңдіктен бес минутта шығарып алды.   https://youtu.be/YNXudylA0bg Екі жұмысшының қауіпсіздік үшін байлаған беліндегі жібі құдыққа түскенде үзіліп кеткені белгілі болды.