Қазақстан биыл коронавируспен күреске 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның көбі медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге, медициналық көмек пен аурудың таралуын болдырмау шараларына жұмсалған. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазақстандықтар пневмония мен коронавирус жұқтырса, мәртебесіне қарамастан медициналық көмекті тегін алады.
"Қор коронавирус пен пневмониямен күреске 71,6 млрд теңге бөлді," – деді ол.
Атап айтқанда, 2021 жылдың І тоқсанында медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге 42,4 млрд теңге бөлінді. 15,6 млрд теңге медициналық көмек пен аурудың таралуын болдырмауға бағытталған.
Болат Төкежановтың мәліметінше, бұл сома ауруханаға жатқызылған 95 мыңнан астам адамға жұмсалған. ПТР-тестерге 10,3 млрд теңге, мобильдік топтардың шығуына – 3 млрд теңге, үйдегі стационарларға – 33,3 млн теңге жұмсалды.
"Былтыр шамамен 1,9 млн ПТР-тест жасалса, биыл алғашқы үш айдың өзінде 1,3 млн ПТР-тест тапсырылған", – деді Медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов.