COVID-19: бір күнде 25 адам қайтыс болды
COVID-19: бір күнде 25 адам қайтыс болды
5,200
оқылды

Министрліктің мәліметінше, 20 адам коронавирустан, 5-еуі пневмониядан қайтыс болды.

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың көпшілігі Алматыда – 6, Қарағанды ​​облысында – 3, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында және Атырау, Батыс Қазақстан облысында – 2, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облысында бір адам.

«13 мамырдағы жағдай бойынша 39 626 адам коронавирустан емделіп жатыр (39 143 CVI+ және 483 CVI-). Оның ішінде 14 124 науқас ауруханада, 25 502 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 788 науқас ауыр жағдайда болса, 183 адамның хәлі ауыр дәрежеде және 116 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған» делінген ресми хабарламада.

Былтыр пандемия басталғаннан бері Қазақстанда коронавирус 350 591 адамнан анықталды, 307 464 адам емделіп шықты. 3 984 науқас қайтыс болды.