Қазақстан Үндістанға көмектесу үшін 40 тонна жүк жөнелтті
Қазақстан Үндістанға көмектесу үшін 40 тонна жүк жөнелтті
293
оқылды

Бірінші ұшақ таңертең Нью-Делидегі Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайға қонды. Екіншісі бірнеше сағаттан кейін келеді деп күтіліп отыр.

Гуманитарлық көмекке денсаулық сақтау компанияларының медициналық маскалары, респираторлары, қорғаныш костюмдері мен портативті желдеткіштері кіреді. Әуежайда оны табыстау рәсіміне Қазақстанның Үндістандағы елшісі Нұрлан Жалғасбаев, үнді тарапынан – Үндістан сыртқы істер министрлігі Еуразиялық ынтымақтастық департаментінің директоры Бандару Вилсонбабу қатысты.

Биыл 4 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге жолдаумен жүгінген болатын. Онда Үндістанда індеттің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген еді. 7 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке үнді тарапына тиісті көмек көрсетуді тапсырды.

2020 жылы Үндістан Қазақстанға пандемиямен күресуге көмектесу үшін гидроксохлорохин таблеткаларын жіберген болатын.   [caption id="attachment_136898" align="aligncenter" width="680"] width= Фото: ҚР СІМ-нен алынды[/caption]

Соңғы кездері Үндістанда коронавирус күн сайын өршіп барады.