Сыныптастар араға 70 жыл салып бір-біріне сезімін білдірді
Сыныптастар араға 70 жыл салып бір-біріне сезімін білдірді
224
оқылды

Ұлыбритания елінде бұрынғы сыныптастар араға 70 жыл салып бір-біріне ғашықтық сезімін білдірді.

81 жастағы Тони Джексон мен 80 жастағы Глория Лукс бала кезінен таныс. Олар бастауыш сыныптарда бірге білім алып, театр қойылымдарында да бірге өнер көрсеткен. Бірақ 1950-жылдардың басында мектепті тәмамдаған соң, олардың жолы екіге айырылады. Сол уақыттан бері олар бір-бірін көрмеген. Осылайша бұрынғы сыныптастар тек 2003 жылы бір-бірімен байланысады. Тони Глориядан түлектер кездесуіне келмегені үшін кешірім сұрайды. Кейін 2020 жылы ер адам ескі қағаздардан Глорияның нөмірін іздеп тауып, онымен қайта сөйлеседі. COVID-19 пандемиясы оларды жақындата түсті. Күніне 5-6 рет қоңырау шалып, ақырында бір-біріне ғашықтық сезімінің барын білдіреді. Лукс күйеуі бақилық болған соң, басқа біреумен көңіл жарастыру туралы ойламағанын айтады. Бірақ мектептегі досы оны бұл ойынан айнытты. Джексонның да әйелі көз жұмған. Оның балалары мен 16 немересі бар. Қазір зейнеткерлер Ұлыбританияның түкпір-түкпіріне саяхаттауды жоспарлап отыр.
"Біз көп уақытты жоғалттық және оның орнын толтыруымыз керек", — деді Тони Джексон.