Диетолог Ирина Морозова кәуапқа арналған тұздықтың кейбір түрінен бүйрек ауруы мен асқазан-ішек аурулары пайда болуы мүмкін екенін айтты.
Телеграф порталына берген сұхбатында Ирина Морозова майонез бен сірке суынан жасалған маринадтардан аулақ болған дұрыс деді, – деп жазады РИА Новости.
Маманның айтуынша, майонез жоғары температурада ағзаға зиянды майлар мен заттардың көп мөлшерін бөледі. Сонымен қатар, диетолог атап өткендей, тұздықтағы сірке суы асқазан-ішек жолына теріс әсер етеді және оны жиі қолдану бүйрек ауруын тудыруы мүмкін.
Диетолог айраннан жасалған маринадтың зиян емес екенін атап өтті. Өйткені ол темір мен ақуыздың сіңуіне жол бермейді.